2025 жылдың 3 қыркүйек күні колледжіміздің оқытушыларына, оқу жұмысы бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы заңнамасы негізінде микро оқыту семинары өткізілді.
Микро оқыту семинарының мақсаты – оқу процесінің тиімділігін арттыру және оқу бағдарламаларын дұрыс ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар беру болды. Іс-шара барысында әдіскер оқу жұмысын жоспарлау, оқу бағдарламаларын орындау, сапа бақылауы және оқытушылардың кәсіби деңгейін көтеру мәселелерін жан-жақты түсіндіріп, талқылады. Оқытушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, оқу үдерісін жақсарту бағытында пікір алмасты.
Хали А.К.



Комментарии