«Курстық жұмысты орындау тәртібі»микро-семинары

2025 жылдың 10 қазан күні колледжіміздің ФК-22-9 және ДВ-22-9 топтарының студенттеріне арналған «Курстық жұмысты орындау тәртібі» тақырыбында оқыту микро-семинары өткізілді. Семинардың негізгі мақсаты — студенттерге курстық жұмысты жазу талаптары мен құрылымын түсіндіру, ғылыми зерттеу жүргізу әдістерін меңгерту, дереккөздермен дұрыс жұмыс істеу және академиялық адалдық қағидаларын сақтау маңыздылығын ұғындыру. Семинар барысында курстық жұмыстың мазмұндық бөлімдерін дұрыс құрастыру, тақырып таңдау, жоспар құру және рәсімдеу ережелері жан-жақты түсіндірілді. Семинар студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға және курстық жұмыстарды мазмұнды әрі сапалы түрде орындауына ықпал ететін маңызды оқу іс-шарасы ретінде өткізілді.

Колледж әдіскері: Хали А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *