2025 жылғы 14 қараша күні ШК-22 тобының студенттері үшін курстық жұмысты орындауға арналған арнайы семинар ұйымдастырылды. Семинарды Хали Айжан Калиевна жүргізіп, студенттерге курстық жұмысты дұрыс жоспарлау, құрылымын дайындау, ғылыми ақпаратпен жұмыс істеу және нәтижелерді рәсімдеу тәртібі бойынша толыққанды түсіндірме берді.
Семинар барысында келесі маңызды тақырыптар қамтылды:


- курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін дұрыс анықтау;
- зерттеу тақырыбын таңдаудағы негізгі критерийлер;
- ғылыми әдебиеттерді іздеу және оларды талдау тәсілдері;
- жұмыстың кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды құрылымдарын сауатты жазу нұсқаулары;
- рәсімдеу ережелері мен академиялық адалдық талаптары.
Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, өз жобалары бойынша кеңес алды. Айжан Калиевна әрбір сұраққа жеке тоқталып, практикалық мысалдар арқылы түсіндіріп берді. Семинар нәтижесінде студенттер курстық жұмысты жоғары деңгейде орындауға қажетті әдістемелік нұсқаулармен толық қамтамасыз етілді. Бұл семинар ШК-22 тобының білім сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға және курстық жұмыстың сапалы орындалуына үлкен үлес қосты.
Колледж әдіскері: Хали А.К

Комментарии