«Әр маман – өз ісінің шебері» атты ПӘБ әдістемелік үшкүндігінің жабылу салтанаты

2025 жылғы 14 қараша күні колледжде «Әр маман – өз ісінің шебері» атты ПӘБ әдістемелік үшкүндігінің жабылу салтанаты өткізілді. Іс-шара «Каждый специалист – мастер своего дела» ұранымен ұйымдастырылып, ПЦК триадасы шеңберінде өтті.

Салтанатты жабылу барысында арнайы пәндер оқытушылары Жумартов Б.Ш. және Сагимбекова М.Н. үшкүндік барысында өткізілген іс-шаралардың нәтижелері мен жетістіктері туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Ашық сабақтар, практикалық жаттығулар, топтық жұмыстар мен көрмелер студенттердің кәсіби шеберлігін арттыруға, теория мен практиканы ұштастыруға бағытталғанын атап өтті. Жабылу рәсімінде «Өндірістік оқыту – кәсіби шеберлікке бастар жол» тақырыбына арнайы тоқталып, студенттердің мамандыққа деген қызығушылығы мен білімін жүйелі түрде жетілдірудің маңыздылығы көрсетілді. Сонымен қатар, «Түсті металдар металлургиясы» пәні бойынша жалпы мәлімет беріліп, техникалық пәндер ПӘБ әдістемелік үшкүндігінің қорытындылары қорытындыланды. Салтанатты іс-шара үшкүндіктің тиімділігі мен мазмұндылығын көрсетті, студенттердің және оқытушылардың кәсіби дамуына зор үлес қосқанын дәлелдеді. Ашық сабақтар мен әдістемелік жұмыстар арқылы жинақталған тәжірибе әрі қарайғы оқу процесінде қолдануға ұсынылды, ал апталық студенттер мен педагогтардың шығармашылық белсенділігін арттыруға септігін тигізді.

Колледж әдіскері: Хали А.К.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *