«Гидравлика және сорғылар» модулі бойынша «Көлемді сорғылар. Түрлері, жұмыс істеу принциптері» тақырыбында ашық сабақ

2025 жылғы 13 қараша күні колледжде «Техникалық пәндер» ПӘБ әдістемелік үшкүндігі аясында ТТ-23-9 тобына арналған КМ-2 «Гидравлика және сорғылар» модулі бойынша «Көлемді сорғылар. Түрлері, жұмыс істеу принциптері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты Сагимбекова М.Н. жоспарға сәйкес жүргізіп, студенттердің сабаққа қатысуын бақылап, құрал-жабдықтардың дайындығын тексерді.Сабақ барысында студенттер викториналық тапсырмалар орындап, топтық жұмыстар арқылы жаңа тақырыпты талдап, өз білімдерін бекітті. Сабақта практикалық жаттығулар мен видеоматериалдар қолданылып, тақырып толық әрі түсінікті түрде студенттерге ашылды.Сабақ барысында студенттердің оқу процесіне қатысуы бағаланып, бағалау шкаласы бойынша кері байланыс жүргізілді. Бұл әдіс студенттердің білімін объективті тексеруге, сабаққа қызығушылығын арттыруға және тақырыпты терең меңгеруіне мүмкіндік берді.Ашық сабақ жоспарға толық сәйкес өтіп, әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сабақ студенттердің кәсіби және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды іс-шара болды және ПӘБ әдістемелік үшкүндігінің мазмұнды әрі тиімді өтуіне үлес қосты.

Колледж әдіскері: Хали А.К.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *