2025 жылғы 14 қараша күні колледжде «Техникалық пәндер» ПӘБ әдістемелік үшкүндігі аясында ОДД-24-9к тобы үшін «Медициналық білім негіздері» модулі бойынша «Жол-көлік апатында зардап шегушіні көшіру және эвакуациялау ережелері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты жоспарға сәйкес оқытушы Тайжан М.Б. жүргізді.Сабақтың мақсаты – студенттерге жол-көлік апаттары кезінде зардап шеккендерді қауіпсіз көшіру және эвакуациялау ережелерін үйрету, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын дамыту. Ашық сабақ барысында теория мен практиканы ұштастыра отырып, студенттер нақты жағдайларды талдап, өз дағдыларын практикалық тапсырмалар арқылы бекітті.Оқытушы Тайжан М.Б. сабақ барысында қауіпсіздік техникасы мен эвакуация әдістерін түсіндіруде түрлі көрнекі құралдар мен практикалық жаттығуларды қолданды. Студенттер топтық жұмыстар арқылы өзара әрекет жасап, әрбір жағдайға дұрыс әрекет ету жолдарын талқылады. Сабақ барысында студенттердің белсенділігі жоғары болды, олардың қызығушылығын ояту арқылы оқу материалын өз бетімен меңгеруіне мүмкіндік берілді.Ашық сабақ жоспарға толық сәйкес өтті және әдістемелік тұрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл іс-шара студенттердің кәсіби және практикалық дағдыларын жетілдіруде маңызды рөл атқарды және ПӘБ әдістемелік үшкүндігінің мазмұнды әрі нәтижелі өтуіне үлес қосты.



Комментарии