«Химиялық тепе-теңдік. Тепе-теңдік константасы» ашық сабақ

10 желтоқсан 2025 жылы «Жалпы білім беретін пәндер» ПӘБ әдістемелік үшкүндігі аясында алғашқы күннің ашылуы жоғары деңгейде өтті. «Білім – бақытқа бастар жол» атты әдістемелік ашылу салтанаты шараға қатысқан әрбір ұстаз бен студентке ерекше әсер қалдырды.

Ашылу бағдарламасынан кейін жоспарға сәйкес ДВ-25-9 тобымен ашық сабақ ұйымдастырылып, оны химия пәнінің оқытушысы Жансерикова К.А. өткізді. Сабақтың тақырыбы – «Химиялық тепе-теңдік. Тепе-теңдік константасы».

Оқытушы сабақты әдістемелік талаптарға сай, мазмұнды әрі қызықты етіп өткізді. Студенттер белсенді қатысып, топтық жұмысқа жоғары жауапкершілікпен қарап, ұсынылған тапсырмаларды жүйелі түрде орындады. Сабақ барысында тәжірибелік бағыттағы тапсырмалар, сұрақ-жауап кезеңдері және талқылау жұмыстары тиімді ұйымдастырылып, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырды.

Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, студенттер алған білімдері мен әсерлерін ашық түрде білдірді. Бағалау кезеңі әділ, анық және сабақ мақсатына сәйкес жүргізілді.

Жалпы, ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, әдістемелік үшкүндіктің мазмұнын байыта түсті және оқытушының кәсіби шеберлігін айқын көрсетті.

Колледж әдіскері: Хали А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *