Ашық сабақ «Анатомия, физиология және гигиена» пәнінен «Қаңқа: қаңқаның құрылысы және қызметі»

11.12.2025 жылы «Жалпы білім беретін пәндер» пәндік-әдістемелік бірлестігінің әдістемелік үшкүндігі аясында биология пәнінің оқытушысы Аделканова С.А. ШК-24-9 тобымен ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақ «Анатомия, физиология және гигиена» пәнінен «Қаңқа: қаңқаның құрылысы және қызметі» тақырыбында өтті. Сабақтың мақсаты – білім алушыларға адам қаңқасының құрылымын, оның бөлімдерін және негізгі қызметтерін терең меңгерту, сондай-ақ тірек-қимыл жүйесінің маңызын түсіндіру.
Сабақ барысында оқытушы заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді тиімді қолданды. Теориялық материал интерактивті презентация арқылы түсіндіріліп, қаңқаның негізгі бөлімдері (бас сүйек, тұлға және аяқ-қол қаңқасы) жан-жақты талқыланды. Білім алушылар топтық және жеке жұмыстар орындап, сұрақ-жауап, талдау және пікір алмасу арқылы өз білімдерін көрсетті.
Сонымен қатар сабақта көрнекі құралдар, анатомиялық суреттер мен дидактикалық материалдар пайдаланылып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, қойылған мақсаттарға толық қол жеткізілді.
Әдістемелік үшкүндік аясында өткізілген бұл ашық сабақ оқытушылар арасында тәжірибе алмасуға және білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосты.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *