«Экология – біздің болашағымыз» атты суреттер байқауы

11 желтоқсан 2025 жылы «Жалпы білім беретін пәндер» пәндік-әдістемелік бірлестігінің әдістемелік үшкүндігі аясында биология пәнінің оқытушысы Аделканова С.А. 1 курс студенттері арасында «Экология – біздің болашағымыз» атты суреттер байқауын өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты – студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқауға қатысушылар табиғатты қорғау, экология мәселелері, жасыл болашақ және адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік тақырыптарында өз жұмыстарын ұсынды.
Студенттердің салған суреттері мазмұнының тереңдігімен, идеяның өзектілігімен және шығармашылық шеберлігімен ерекшеленді. Байқау барысында қатысушылар экологияның маңыздылығын көркем өнер арқылы жеткізе білді.
Іс-шара студенттердің белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Аталған іс-шара әдістемелік үшкүндік аясында студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға және шығармашылық бастамаларын қолдауға үлкен үлес қосты.

Колледж әдіскері : Хали А.К.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *