«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында дөңгелек үстел

11 желтоқсан 2025 жылы «Жалпы білім беретін пәндер» пәндік-әдістемелік бірлестігінің әдістемелік үшкүндігі аясында тарих пәнінің оқытушысы Мустафина М.Ж. «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи кезеңдерін терең түсіндіру, ел тарихындағы маңызды оқиғаларды зерделеу және жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында тәуелсіздік жылдарындағы саяси, әлеуметтік және мәдени жетістіктер кеңінен талқыланды.
Студенттер өз ой-пікірлерін еркін білдіріп, тарихи деректерге сүйене отырып, елдің дамуына тәуелсіздіктің қосқан үлесін атап өтті. Пікірталас форматында өткен іс-шара қатысушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуға және тарихи сананы қалыптастыруға ықпал етті.
Дөңгелек үстел жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мазмұнды әрі тағылымды өтті. Аталған іс-шара әдістемелік үшкүндік аясында білім алушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға өз үлесін қосты.

Колледж әдіскері: Хали А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *