24 желтоқсан күні «Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемелер бірлестігінің үшкүндігі» аясында КМ 3.Оқу ақпаратын тарату модулі бойынша ШК-22-9 тобында Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы пәнінен «Ө.Тұрманжановтың балаларға арналған шығармалары»тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта білім алушыларға қазақ балалар әдебиетінің дамуына, поэзия жанрының кең өріс алуына мол үлес қосқан ақын, жазушы Ө.Тұрманжановтың өмірі мен шығармашылығы, балаларға арнап жазған шығармаларының тақырыбы туралы жан-жақты мағлұмат берілді. Шығармаларының мазмұнын, идеясын, тәлім-тәрбиелік мәнін ұғындыру мақсатында оқытудың белсенді әдістері тиімді қолданылып, топтық, жеке, ұжымдық жұмыстарда студенттер белсене қатысты. Оқытушы білім алушылардың теориялық білімін практикамен ұштастыра отырып,өз мамандығына, пәнге деген қызығушылығын арттырып, кәсіби шеберлікке, жүйелі сөйлей білуге дағдыландырды. 4 курс студенттеріне рухани құндылықтарды бойына сіңіру арқылы танымдық және шығармашылық белсенділігін арттырды. Сабақ барысында айтылған зерделі ойларды жинақтай отырып, студенттер әдістемелік газет шығарып, шеберлік сабақтарын берді. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.
Оқытушы: Жахметова Балжан Кошкимбаевна






Комментарии