«Автоматика құралдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету» модулі бойынша ашық сабақ

2025 жылғы 25 желтоқсанда Электротехникалық пәндер бірлестігінің жоспарына сәйкес әдістемелік триаданың ашылуы өтті. Іс-шараның мақсаты – кәсіби пәндер бойынша оқыту сапасын арттыру, тәжірибе алмасу және заманауи әдістерді оқу үдерісіне енгізу.
26 желтоқсан 2025 жылы әдістемелік триада аясында КМ 01 «Автоматика құралдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету» модулі бойынша ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың тақырыбы: «Ортадан тепкіш сораптардың құрылысы».
Ашық сабақты АВТ-25-11 тобы студенттерімен Ахметов А.Б. өткізді.
Сабақ барысында студенттердің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді оқыту әдістері қолданылып, ортадан тепкіш сораптардың құрылысы мен жұмыс принциптері жан-жақты қарастырылды.
Аталған іс-шаралар білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және электротехникалық пәндер бойынша оқу сапасын жетілдіруге ықпал етті.
Колледж әдіскері :Хали А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *