2025 жылғы 23 желтоқсанда колледжімізде «Адал азамат – біртұтас тәрбие, сапалы білім тұғыры» тақырыбы аясында Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемелері бірлестігінің үшкүндік іс-шаралары ұйымдастырылды.
Аталған іс-шаралар аясында «Жанға жайлы үндестік: ізгілік пен түсіністік әлемі» тақырыбында «Ұстаздар арасындағы мейірім кеңістігі» атты психологиялық тренинг өткізілді. Тренингті Серсенбаева А.А. және Шорина Б.Ж. жүргізді.
Тренингтің мақсаты – ұстаздар арасындағы өзара түсіністікті нығайту, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби қарым-қатынаста ізгілік пен мейірімділіктің маңызын арттыру. Шара барысында қатысушылар түрлі психологиялық жаттығуларға қатысып, топтық жұмыстар арқылы бір-біріне қолдау көрсету, сенім орнату дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.
Іс-шара ұстаздардың эмоционалдық жай-күйін жақсартуға, ұжымдағы ынтымақтастықты арттыруға және кәсіби байланыстарды нығайтуға оң әсерін тигізді. Тренинг мазмұны «Адал азамат» тұжырымдамасы негізінде адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Колледж әдіскері: Хали.А.К



Комментарии