«Мәдени мұра дегеніміз не?» тақырыбында ашық сабақ

24–26.12.2025 ж. Педагогика,психология және жеке пәндер әдістемелер бірлестігінің үшкүндігінің аясында ашық тәжірибе күнінде «әл-Фараби атындағы ЖББ мектебінде» ШК-23-9 тобының студенті Сейтімхан Нұрайым «Байқау» тәжірибесі бойынша қазақ тілі пәнінен «Мәдени мұра дегеніміз не?» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында психологиялық ахуал қалыптастыру, сұрақ-жауап, жұптық, топтық және жеке жұмыстар, «Пазл», «Гексагон» әдістері, көрнекілікпен және таратпа материалмен жұмыс, сондай-ақ кері байланысқа арналған «Қоржындағы асықтар» әдісі тиімді қолданылды. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейі жоғары болды.
Әдіскер:Калкенова Э.И

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *