20 қаңтар 2026 жылы колледжімізде әдістемелік кеңестің жоспарлы отырысы өтті. Отырыс барысында колледж директоры оқу-тәрбие үдерісіне қатысты өз ой-пікірлерін білдіріп, білім сапасын арттыру, оқытудың тиімді әдістерін енгізу және педагогтердің кәсіби жауапкершілігін күшейту мәселелеріне тоқталды.
Кеңес аясында ПЦК төрағалары 2025–2026 оқу жылының бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Есептерде өткізілген ашық сабақтар, тәрбиелік және әдістемелік іс-шаралар, студенттердің оқу жетістіктерін бағалау, аралық және қорытынды бақылау нәтижелері, сондай-ақ оқу үдерісін жетілдіруге бағытталған жұмыстар кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелері қаралып, алдағы кезеңге арналған міндеттер мен ұсыныстар белгіленді. Кеңес қорытындысы бойынша оқу сапасын арттыруға және студенттердің білім деңгейін көтеруге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Колледж әдіскері :Хали.А.К






Комментарии