« Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің 1-2 курс студенттері М.Әуезовтің « Абай жолы» роман- эпопеясын оқып, жан-жақты талдай отырып, дебат өткізді. Дебатта бір топ Абайдың ұлы тұлға болып қалыптасуына зор үлес қосқан әкесі Құнанбайдың адамгершілігі мен парасаттылығын айтып мақтаса, екінші топ оның қатігездігін айтып даттады. Дебаттың соңында «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деген шешімге келді. Дебат қызықты да, әсерлі өтті.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы: С.Ж Омарова

Комментарии