«Тілдік пәндер бірлестігінің апталығының» ашылу салтанаты

12.02.2026 жылы колледжімізде «Тілдік пәндер бірлестігінің апталығының ашылу салтанаты өтті.

Апталықтың ашылу рәсімін бірлестік төрағасы Ким О.В. жүргізіп, іс-шараның негізгі мақсат-міндеттері мен құндылықтарын таныстырып өтті. Өз сөзінде тілдік білімнің заманауи қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, көптілділік – бәсекеге қабілетті маман даярлаудың маңызды көрсеткіші екенін атап өтті.

Апталық аясында өткізілетін ашық сабақтар мен түрлі тәрбиелік және іс-шаралардың жоспары колледж оқытушыларына таныстырылды. Бағдарлама мазмұны білім алушылардың тілдік құзыреттілігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және кәсіби бағытта шет тілдерін еркін қолдануға бағытталған.

Сонымен қатар, апталықтың ашылу барысында колледж оқытушылары арасында ағылшын тілінде қызықты тілдік ойындар ұйымдастырылып, қатысушылардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге және тілдік орта қалыптастыруға мүмкіндік жасалды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.
Колледж әдіскері: Хали А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *