«Педагогикалық этика» пәнінен ашық сабақ

Тілдер пән әдістемелік бірлестігінің триадасы аясында ШК-24-9 тобында «Педагогикалық этика» пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: Заманауи педагог этикасы. Сабақта оқытудың заманауи технологиялары кеңінен қолданылды. Өткенді қайталау мен жаңа тақырыпты байланыстыру мақсатында топтық, жұптық және жекелей жұмыстың әртүрлі әдістері тиімді қолданылды. Студенттер заманауи ұстаздың ішкі және сыртқы имиджін жақсы түсінгендерін байқатып, оны өздерінің ІТ құзыреттіліктері арқылы дәлелдеп, барлық тапсырманы жоғары деңгейде орындап көрсете алды. Оқытушы: Алиманова Сандугаш Нуртаевна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *