12.02.2026 жылы Тілдік пәндер бірлестігі аясында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Акшукеева А.К. «Молодежная культура в обществе. Молодежные программы в Казахстане. Сложные предложения» тақырыбында БСД-25-9 тобымен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – білім алушылардың жастар мәдениеті туралы көзқарасын қалыптастыру, Қазақстандағы жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және күрделі сөйлемдер тақырыбы бойынша грамматикалық білімдерін жетілдіру болды.
Оқытушы сабақ барысында коммуникативтік және интерактивті әдістерді тиімді қолданып, студенттердің белсенді қатысуына жағдай жасады. Білім алушылар тақырып аясында пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізді, мәтінмен жұмыс жасап, күрделі сөйлемдердің түрлерін талдады және практикалық тапсырмалар орындады.
Сабақта теория мен практика ұштастырылып, топтық жұмыстар мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды. Бұл студенттердің сыни ойлау дағдыларын дамытуға, тілдік сауаттылығын арттыруға және қоғамдық мәселелерге қатысты өз ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік берді.
Колледж әдіскері: Хали А.К



Комментарии