Қазақ әдебиеті пәнінен Ж. Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы тақырыбындағы ашық сабақ

12.02.2026 күні ОП-25-9-1 тобында Қазақ әдебиеті пәнінен Ж. Әбдірашевтің «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы тақырыбындағы ашық сабақ мазмұны мен ұйымдастырылуы жағынан өте жоғары деңгейде өтті. Сабақтың басты мақсаты – білім алушыларға туған жер, дала образы арқылы ұлттық рухты, патриоттық сезімді терең түсіндіру болды және бұл мақсат толық жүзеге асты. Сабақ барысында жасанды интеллект мүмкіндіктері тиімді қолданылды. AI құралдары арқылы білім алушыларды топқа бөлініп, негізгі идеяны анықтау, поэтикалық образдарға талдау жасау, интерактивті сұрақ-жауап ұйымдастыру сияқты жұмыстар жүргізілді. Бұл тәсілдер студенттердің қызығушылығын арттырып, уақытты үнемдеуге және материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар презентация, бейнеүзінділер, онлайн платформадағы тапсырмалар сияқты жаңа технологиялар сабақ мазмұнын байыта түсті. Сабақта топтық жұмыс, пікірталас, шығармашылық тапсырмалар және рефлексия кезеңдері ұтымды ұйымдастырылды. Әсіресе, студенттердің өз ойларын еркін жеткізуі, поэмаға сыни тұрғыдан қарауы олардың белсенділігін арттырды. Сабақта әр білім алушы қамтылып, ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты. Тәрбиелік мәні тұрғысынан сабақтың маңызы зор болды. Ақынның туған жерге деген сүйіспеншілігі арқылы жастардың бойында елжандылық, ұлттық құндылықтарды құрметтеу, туған жерге адал қызмет ету сияқты қасиеттер қалыптастыру көзделді. Ашық сабақ мазмұндық, әдістемелік және тәрбиелік тұрғыдан өте мазмұнды, заманауи талаптарға сай ұйымдастырылған сабақ болды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы С. Ж.Омарова.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *