«Үздік IT сабақ»

26.02.2026 жылы Колледжіміздің білікті оқытушысы Ахметжанова Гүлнар Сайлаухановна Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен облыстық «Үздік IT сабақ» байқауында жүлделі III орынға ие болды.
Байқау «Информатика пәні оқытушылары» бағыты бойынша өткізілді. Гүлнар Сайлаухановна өзінің кәсіби шеберлігімен, заманауи IT технологияларды тиімді қолдануымен және инновациялық әдіс-тәсілдерімен жоғары деңгейде танылып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Бұл жетістік – ұстазымыздың қажырлы еңбегінің, шығармашылық ізденісінің және білім сапасын арттыруға қосқан үлесінің айқын дәлелі. Осындай биік белестерді бағындырып жүрген әріптесімізбен мақтанамыз!
Гүлнар Сайлаухановнаны шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби өрлеу тілейміз!

Колледж әдіскері: Хали А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *