16 наурыз колледжімізде «Таза Қазақстан: SMART ECO және Адал Азамат» экологиялық сауаттылық апталығының «Тазалық – адалдық кепілі» атты ашылу салтанаты болды.
Барлық тұлғалардың табиғатты қорғауға жауапкершіліктерін арттыру, экологиялық мәдениеттерін тереңірек қалыптасуы мен қоршаған ортаны аялауға және оны сақтап, қамқор болуға шақыру негізгі мақсат болып табылады.
Ашылу салтанаты кезінде нейрожелі арқылы жасалған «Адал азамат» эко-манифесінің видеоролигі көрсетіліп, ақын – жазушыларымыздың «Табиғат» туралы шығармалары оқылды. Қатысушы студенттердің білімдерін «экологиялық викторина» арқылы қызықты сұрақтармен бекітіп, апталықтың жоспары таныстырылды.
Макенбаева М.К.

Комментарии