«Жасыл инновациялар: теориядан практикаға» макеттерді және стартап жобалары

19 наурыз күні «Жасыл инновациялар: теориядан практикаға» макеттерді және стартап жобаларын қорғау жобасы өтті. Негізгі мақсаты-табиғатты сақтай отырып, экологиялық таза, энергия үнемдейтін, қоғамға пайдалы және инновациялық шешімдер ұсыну болатын. Осы мақсатты өз жобаларын қорғаған студенттер табиғатты сақтаумен қатар, экономикалық пайда әкелуді де көздейді. Мұндай жобалар бүгінгі таңда өте өзекті, себебі климаттың өзгеруі, ластану және ресурстардың азаюы жаһандық мәлелелерге айналып отыр. Өз жобаларын қорғау барысында аталған шаралардың бәрі қамтылды. Атап айтсақ: 1 жоба: Экожүйені көгалдандыру, әсіресе «қылқанжапырақтылар» класына жататын ағаштарды отырғызу жолдары қарастырылса; 2 жоба «Балқаш көлінің суын тазарту технологияларын ұсынды. Бұл жобаның бір артықшылығы: «магниттік тазарту» болды; 3 жоба «Сарқылмайтын ресурс көздері» арқылы табиғи жолдармен қоршаған ортаны қорғау, оның ішінде басты назарда «жел энергиясының» тиімділігі айтылды; 4 жоба «Экоқалашық-жаңа инновациялар нәтижесі» тақырыбында қорғалды. Жоба басқа мемлекеттердің экологиялық шаралары мен акцияларын статистикаға келтіре отырып, тиімді тұстарын өз жобасында ұсынды. Барлық жоба қорғаушылары қатысушы студенттердің де қойған сұрақтарына жауап берді.

Макенбаева М.К.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *