ШК-22-9 тобында КМ 1. «Оқушылардың оқу іс-әрекетінің моделін құру» және КМ 3. «Оқу ақпаратын тарату» модульдері бойынша «Педагогика», «Дүниетануды және жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәндері аясында курстық жұмыстарды қорғау өтті.
Курстық жұмыстарды қорғауға жалпы 9 студент қатысып, өз тақырыптарының мазмұнын жан-жақты ашып көрсетті. Білім алушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, заманауи оқыту әдістері мен педагогикалық технологияларды тиімді қолдана білді. Сонымен қатар, пәндер бойынша өзекті мәселелерді қарастырып, шығармашылық ізденістері мен кәсіби құзыреттіліктерін танытты.
Қорғау барысында студенттер қойылған сұрақтарға нақты әрі сауатты жауап беріп, дайындық деңгейлерінің жоғары екенін көрсетті. Жалпы, қорғау жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттердің болашақ маман ретінде қалыптасуына оң ықпал етті.
Курстық жұмыстардың жетекшісі — Дукенбаева Г.Е.

Комментарии