Қарағанды облысы Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына орай «Өнегелі өмір» тақырыбында облыстық ғылыми-танымдық конференция

27 наурыз 2026 жылы Қарағанды облысында ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына орай «Өнегелі өмір» тақырыбында облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті. «Адал азамат» бағытын негізге алған бұл маңызды іс-шара жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, білім мен ғылымға ұмтылуға және педагог мамандығына қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Аталған конференцияға колледжіміздің студенттері де белсене қатысып, өз білімдері мен ғылыми ізденістерін жоғары деңгейде көрсетті. Атап айтқанда, «Мұғалім болу – мақтаныш!» жобасы аясында ШК-24-9 тобының студенті Нихамберлина Азалия және ОИ-23-9 тобының студенті Ермек Аружан өз ғылыми жобаларын сәтті қорғап, үздік нәтижелерге қол жеткізді.
Студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік еткен оқытушы Шорина Б.Ж олардың зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар беріп, шығармашылық және ғылыми әлеуеттерін дамытуға зор үлес қосты. Қатысушылар өз жобаларында педагог мамандығының қоғамдағы маңыздылығын, адал еңбек пен білімнің құндылығын жан-жақты ашып көрсетті.
Конференция барысында ұсынылған баяндамалар мен жобалар жас буынның ой-өрісін кеңейтіп, ғылыми ізденіске деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, іс-шара ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптеуде, болашақ мамандарды жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеуде маңызды алаңға айналды.
Бұл конференция студенттердің кәсіби қалыптасуына серпін беріп, олардың білім мен ғылым жолындағы жетістіктерін шыңдауға үлкен мүмкіндік берді.


Колледж әдіскері:Хали А.К.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *