2026 жылғы 24 сәуірінде ШК-22-9 тобында «Қазақстан Республикасының Халықтық Конституциясы: қағидаттары және практикалық қолданылуы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының негізгі мақсаты – білім алушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының мәні мен маңызын түсіндіру, оның негізгі қағидаттарын таныстыру және күнделікті өмірде қолдану жолдарын ұғындыру болды.
Отырыстың барысында студенттерге Конституцияның қоғамдағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар нақты өмірлік мысалдар арқылы заң нормаларының практикалық қолданысы талқыланды. Білім алушылар өз ойларын білдіріп, пікір алмасуға белсенді қатысты.
Сынып сағаты танымдық әрі тәрбиелік маңызы зор түрде ұйымдастырылып, студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.
Топ жетекшісі: Дукенбаева Гулназ Ернатбековна


Комментарии