Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбаты еліміздің бүгінгі дамуы мен болашақ бағытын жан-жақты көрсетеді. Мемлекет басшысы экономика, әлеуметтік саясат, инфрақұрылым, энергетикамен қатар, жасанды интеллект пен цифрландыруды ел дамуының негізгі басымдығы ретінде атап өтеді. Президент 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, Қазақстанның цифрлық державаға айналуы қажет екенін нақты айтты. Бұл бастама жаңа технологияларды дамытуға, білім сапасын арттыруға және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған. Жасанды интеллектіні енгізу арқылы мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, экономиканы жаңа деңгейге көтеру көзделіп отыр. Сұхбатта реформалардың маңыздылығы, әлеуметтік әділдік пен жауапкершілік мәселелері де айқын көрініс табады. Менің ойымша, бұл сұхбат қоғамды ойлануға жетелейді және Қазақстанның болашағы ғылымға, технологияға және ақылды шешімдерге негізделетінін дәлелдейді. Жалпы, материал мазмұнды, өзекті әрі елдің даму жолына сенім ұялататын маңызды сұхбат деп бағалаймын.

Оқытушы: Калкенова Э.И.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *