Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

Мемлекет басшысы  «Turkistan» газетіне берген кең көлемді сұхбатында елді жаңғыртудың жаңа кезеңіне бастаған саяси бағытын нақты әрі тұжырымды түрде ашып көрсетеді. Қазақстан Республикасының Президенті Ммемлекет дамуының басым бағыттарын, жүргізіліп жатқан реформалардың мәні мен маңызын дәйекті түрде талдап, қазіргі кезеңдегі өзгерістердің қоғам үшін өзектілігін нақтылап айтты. Әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, экономиканы әртараптандыруға және ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, заманауи мемлекет құруға бағытталған жаңғыртудың жаңа кезеңіне батыл қадам жасап, ел дамуының стратегиялық бағытын айқындап береді.   Мемлекет басқарудағы сабақтастық пен жаңашылдықты ұштастыра отырып, қоғамның сұранысына сай реформаларды жүзеге асыруыңыз – ел болашағына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негіз болатын білім, ғылым, цифрландыру және азаматтық қоғамды дамыту салаларындағы жүйелі қадамдарды қолдаймыз. Осы жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялануы — еліміз үшін тарихи мүмкіндік. Түбегейлі цифрлық өзгерістер жасап, жасанды интеллектіні енгізу экономиканың және басқа да көптеген саланың дамуына тың серпін береді. Мемлекетті басқарудан бастап, білім беру және денсаулық сақтау саласына дейін –  барлық бағытта өсіп-өркендеуге жол ашады. Қазақстанның жаңғыру жолындағы бұл кезеңі – халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, ел бірлігін бекемдей түсетін маңызды белес. Мемлекет басшысының сындарлы саясаты бен көреген көшбасшылығы ел дамуының берік тұғырына айналарына сеніміміз мол. Кең тынысты сұхбат  әр азаматқа  Қазақстанның болашақ дамуына деген сенімді нығайтып, азаматтық көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.

 Оқытушы: Жахметова Б.К.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *