«Ұлттың рухани ұстазы» тақырыбында әдеби-танымдық кеш

23.12.25ж. Педагогика, психология, және жеке пәндер әдістемелер бірлестігінің үшкүндігі аясында «Ұлттың рухани ұстазы» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өткізілді.
ШК-23-9 тобының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шара ұлт руханиятының ірі тұлғасы, ақын, жазушы, публицист, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналды. Ұлтын оятқан Ұлы тұлғаның шығармаларын насихаттау, ғибратты мұрасын жан-жақты зерделеу мақсатында ұйымдастырылған кеште топ студенттері М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты ақпарат беріп, өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. «Оян, қазақ!» деректі фильмінен үзінді көрсетіліп, қаламгердің әр саладағы еңбектеріне шолу жасалды. Жазушының «Бақытсыз Жамал» романы бойынша қойылған көрініс көрермен көңілінен шықты. Топ студенттері Сабырқызы М. , Қуатжан А. , Кусылбекова А. , Талғатқызы М. , Сейтімхан Н., жауапкершілікпен дайындалып, белсенділіктерін көрсетті.
Топ жетекшісі: Калкенова Э.И.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *