«Ұлы Жеңіске – 80 жыл» аясында Қарағанды облысы, қарқаралы қаласындағы өлкетену мұражайы жергілікті әскери бөлімнен соғысқа аттанған майдангерлер туралы екі томнан тұратын естеліктер жинағын шығарды. Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінің оқытушысы Алиманова Сандуғаш Нуртаевна өз әулеттерінен шыққан майдангерлер: әкесі Алиманов Нұртай және оның екі інісі туралы материалдарды жинақтап, естеліктер кітабына енгізді. Бұл майдангерлер туралы деректерді Ресейдің «Боевое братство» сайты арқылы дәлелдермен , суреттермен, олардың марапаттау куәліктерімен және жерленген қабірдің суреттерін жариялау арқылы дәлелдеген.
Жауапты оқытушы: Алиманова С.Н.



Комментарии