20.04.2026 күні Балқаш қаласы Білім бөлімінің №9 орта мектебінің 9-сынып оқушыларымен «кәсіби бағдар беру» кездесуі өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға колледжіміздегі мамандықтар, оқу үдерісі, заманауи мүмкіндіктер мен студенттік өмір жайлы жан-жақты ақпарат берілді.
Кездесу барысында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдауға қатысты пайдалы мәліметтер алды. Сонымен қатар, 29 сәуір күні өтетін колледждің ашық есік күніне оқушылар шақырылды.
Жауапты оқытушылар: М.Н.Сагимбекова, М.Б.Тайжан




Комментарии