14.04.2026 күні Балқаш қаласы білім бөлімінің 9 орта мектеп қабырғасында 9-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысына қатысып, кәсіби бағдар беру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында ата-аналарға колледжіміздегі мамандықтар, қабылдау шарттары, оқу мүмкіндіктері және студенттерге жасалған жағдайлар туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, оқушылардың болашақ мамандықты дұрыс таңдауда ата-ананың қолдауы мен бағыт-бағдарының маңыздылығы айтылды. Кездесу барысында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, қажетті мәліметтер алды.
Жауапты оқытушылар: М.Н.Сагимбекова, М.Б.Тайжан





Комментарии