«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы 

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы- техникалық колледжінің ОИ-24-9 тобы қаламыздағы Әл- Фараби атындағы мектептің 6А және 6 Ә сыныптарында «Сыныптан тыс тәрбие жұмысы » атты тәжірибелерін аяқтады. Үшінші семестр бойы дүйсенбі сайын мектепте сыныптан тыс жұмыстар жүргізуде сынып жетекшісіне көмекші ретінде балалармен қоян- қолтық жұмыс жасады. Биылғы оқу жылындағы тәрбие жұмысы  жаңаша бағыт алды. 2025–2026 жылдан бастап барлық мектептерде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы  енгізілді.Мақсаты – оқушыларға адалдық, еңбекқорлық, патриотизм қасиеттерін сіңіру, мектеп пен қоғам арасындағы байланысты нығайту. Жаңа оқу жылында негізгі

6 құндылық бойынша тәрбие бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табады:

тәуелсіздік және отаншылдық;

бірлік және ынтымақ;

әділдік және жауапкершілік;

заң және тәртіп;

еңбекқорлық және кәсіби біліктілік;

жасампаздық және жаңашылдық.

Жауапты оқытушы: Алиманова С.Н.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *