«АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ: РУХАНИЯТ, ПАРАСАТ, ТАНЫМ»

2025 жылдың 21 қарашасы күні Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық техникалық колледжінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ: РУХАНИЯТ, ПАРАСАТ, ТАНЫМ» атты педагогтердің өңіраралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияның «Абай – парасат үлгісі» атты екінші бағыты бойынша колледждің қазақ тілі мен әәәдебиеті оқытушысы Алиманова Сандуғаш Нуртаевна қатысты. Баяндама тақырыбы: ««Адал азамат» концепциясы және Абай шығармашылығы» деп аталады. Оқытушы  Абай шығармаларындағы адалдық, адамгершілік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды қазіргі таңдағы тәрбие мәселесімен байланыстыра отырып қарастырады. «Толық адам» концепциясының түп- тамырына үңіле отырып, қазіргі жастар тәрбиесі туралы өз ойларын ортаға салады.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *