“Ауыз судың сапасы және қоршаған орта” тақырыбындағы эко-дәріс сабағы

“Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасын іске асыру жұмыстарына сәйкес желілік жоспар бойынша “Ауыз судың сапасы және қоршаған орта” тақырыбында эко-дәріс сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты: ауыз су сапасының адам денсаулығына әсерін түсіндіру, судың ластану себептері мен салдарын ашу және таза ауыз суды сақтау мен тиімді пайдаланудың маңызын ұғындыру болды.
Сабақ барысында: жаңа су жүйелеріндегі тазарту қондырғыларын түсіндіре отырып, “жасыл экономикаға” көшу саясаты терең талқыланды. Студенттердің сұрақтары мен пікірлері ортаға салынып, пікір алмасу әдісімен қорытындыланды.

Макенбаева М.К.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *