«Бәсеке және монополия» тақырыбында ашық сабақ

10 қараша күні ПЦК экономикалық пәндер триадасы аясында, қаржылық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес МТ-24-9 тобы үшін «Бәсеке және монополия» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты арнайы оқытушы Калкеева К.Н. жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттердің экономикалық ойлау қабілетін дамыту, нарықтық экономиканың маңызды элементтері туралы түсініктерін тереңдету және бәсекенің қоғамдағы рөлі мен маңызын жан-жақты талдау. Ашық сабақ барысында оқытушы тақырыпты заман талабына сай әдістермен түсіндіре отырып, теория мен тәжірибені тиімді ұштастырды. Бәсеке түрлері, монополияның пайда болу себептері, нарықтағы фирмалардың мінез-құлқы, баға қалыптастыру тетіктері сияқты маңызды ұғымдар нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Сабақтың құрылымы алдын ала жоспарға сай құрылып, оқу мақсаттары айқын анықталған. Оқытушы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлді. Топтық зерттеу, жағдаяттық тапсырмалар және пікірталас элементтері студенттердің белсенділігін арттырды. Сабақтың интерактивті бөлігінде студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, бәсеке мен монополия жөнінде нақты талдау жасады. Оқытушы Калкеева К.Н. сабақ барысында студенттердің қызығушылығын оята білді, олардың экономикалық білімге деген ынтасын күшейтіп, өздігінен ой қорытуына жағдай жасады. Ашық сабақ мазмұны жағынан да, ұйымдастыруы жағынан да талапқа сай, жоғары деңгейде өтті. Іс-шара қаржылық сауаттылық апталығының аясындағы маңызды білім беру жұмыстарының бірі ретінде бағаланып, студенттерге нарықтық экономиканы түсінуге мүмкіндік берді.

Колледж әдіскері:Хали.А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *