«Балбұлақ» жас ақындар клубының отырысы

2026 жылғы сәуір айында «Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне» орай «Балбұлақ» жас ақындар клубының отырысы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың тарихи-мәдени мұраларға деген құрметін арттыру, ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды.
Отырыс барысында студенттерге тарихи ескерткіштердің қоғамдағы орны мен рөлі туралы ақпарат беріліп, олардың сақталуы – келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік екені атап өтілді. Сонымен қатар қатысушылар өз ойларын ортаға салып, еліміздегі тарихи орындарды қорғау мәселелері бойынша пікір алмасты. Танымдық бейнематериалдар көрсетіліп, тақырып аясында талқылау жүргізілді.
Клуб отырысы мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Студенттердің белсенділігі байқалып, тарихи мұраға деген қызығушылықтары артқаны көрінді.
Клуб жетекшісі: Дукенбаева Гулназ Ернатбековна
Клуб төрағасы: Түсенов Нұрдос Мағзұмұлы

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *