Бекенов Сәбит Бекенұлының туғанына 89 жыл толуына арналған студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы

12.12.2025 ж. Халық ағарту саласында өзіндік із қалдырған ағарту ісінің үздігі, құрметті азамат, білікті басшы, ұстаздардың ұстазы, Балқаш педагогикалық училищесінің алғашқы директоры Бекенов Сәбит Бекенұлының туғанына 89 жыл толуына арналған студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыру аясында колледж студенттерінің қоғамдық, шығармашылық және кәсіптік белсенділігін қалыптастыру, студенттік ғылыми ойды қолдау және дамыту, студенттердің ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілген конференцияға қатысқан студенттер өз жұмыстарында білім алып отырған мамандықтары бойынша өзекті мәселелер, жаңа жетістіктер туралы ақпараттар беріп, ойларымен бөлісті.
Конференция қорытындысы:
І орын – ШР-25-9 тобының студенті: Бөде Айгерім
Жетекшісі: Мурзабекова С. С.
ІІ орын – ДО-23-9 тобының студенттері: Алибаева Сабина, Қуанышбекова Гулимай
Жетекшісі: Хасенова Ж. Ж. ІІ орын: ШК-24-9 тобының студенті: Нихамберлина Азалия
Жетекшісі: Төлеген П. Қ.
ІІІ орын – ШК-23-9 тобының студенті: Қуатжан Аяулым
Жетекшісі: Калкенова Э. И.
ІІІ орын – ШК-24-9 тобының студенті: Рыстай Алина
Жетекшісі: Төлеген П. Қ.
ІІІ орын – ШК-23-9 тобының студенттері: Қусылбекова Аяжан, Амирханова Дильназ
Барлық қатысушыларға сертификат беріліп, орын алған студенттерге дипломмен бірге колледждің кәсіподақ ұйымы атынан ақшалай сыйлық табысталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Студенттердің ғылыми қоғамының жетекшісі: Э. И. Калкенова.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *