19.02 күні “Таза Қазақстан” экологиялық жобасы және Қарағанды облысы бойынша Экологиялық Департаменті РММ-нің қолдауымен
қаламыздағы “Жоғары медициналық колледжінде” “экологиялық-бейбітшілік”аясында “Шырша-2026” акциясы өтті.
Акцияның негізгі мақсаты-қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруда экологиялық шараларды арттыру және қылқан жапырақты ағаштардың жойылу мәселесіне назар аудару болып табылады.
Конкурсқа колледжімізден Нихамберлина Азалия және Қайратқызы Нұрай қатысты.
Конкурс ІІ кезеңнен тұрды.
І кезең: ЖИ арқылы “қоршаған ортаны қорғау, соның ішінде қылқанжапырақтылар бойынша” толық видеоролик түсіру;
ІІ кезең: Студенттердің дайындаған экологиялық макеттерін тақырып бойынша қорғау болды.
Аталған, кезеңдерде де студенттеріміз жоғары нәтиже көрсетіп, Бас Жүлдені ұтып алды.
Жеңістеріңіз құтты болсын, “жас-экологтар”!


Комментарии