“Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасын іске асыру жұмыстарына сәйкес желілік жоспар бойынша ШК-24-9 тобы студенттеріне “Экологиялық мәдениет-адамзаттың болашағы” тақырыбында “эко-эксперимент” экологиялық сағаты өтті.
Эксперимент ретінде берілген құрал-жабдықтар арқылы, студенттер өздері:
~ “Ауа құрамын анықтау”;
~ “Ластанған топырақты тазарту әдістері”;
~ “Қышқыл жаңбырлардың өсімдіктерге зияны”;
~ “Суды фильтрлеу” эксперименттерін жасады.
Әр топтағы эко-эксперименттер студенттердің сыни ойлау дағдылары арқылы қорғалып, соңынан қорытынды жасалды.
Макенбаева М.К.

Комментарии