“Емдік жаттығулардың физиологиялық негіздері” тақырыбында ашық сабақ

2025 жылдың 22 қазанында колледжімізде Дене шынықтыру және спорт пәні бірлестігінің ПЦК әдістемелік триада апталығының ашылуы өтті. Іс-шараны пәндік-циклдік комиссия төрайымы, арнайы пәндер оқытушысы Искакова Сауле Сандыбаевна ұйымдастырды.

Апталықтың мақсаты – оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізу және білім алушылардың салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыру. Апталық аясында ашық сабақтар, шеберлік сағаттары, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Осы апталық шеңберінде ФК-22-9 тобы үшін “Емдік жаттығулардың физиологиялық негіздері” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – студенттерге емдік дене шынықтырудың физиологиялық негіздерін түсіндіру, ағзаға түсетін физикалық жүктемелердің әсерін ғылыми тұрғыдан талдау және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру. Сабақ барысында студенттер белсенділік танытып, теорияны практикамен ұштастырды. Оқытушы түрлі әдістемелік және көрнекі материалдарды пайдаланып, сабақты жоғары деңгейде өткізді. Іс-шара студенттердің кәсіби дайындығын нығайтып, дене тәрбиесі мен спорт саласына деген қызығушылығын арттырды.

Колледж әдіскері: Хали А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *