2026 жылғы 30 наурыз күні колледжімізде Технологиялық пәндер әдістемелік бірлестігінің үшкүндігі аясында «Графика және жобалау» пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы – «Бұрандалы біріктірулер».
Аталған ашық сабақты арнайы пәндер оқытушысы Нұрлан Б.Н. жақсы деңгейде ұйымдастырып, өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты – студенттерге бұрандалы біріктірулердің түрлері, құрылымы мен қолданылу ерекшеліктері туралы терең түсінік қалыптастыру, сондай-ақ олардың техникалық сызбаларды оқу және орындау дағдыларын дамыту болды.
Сабақ барысында оқытушы заманауи оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, теориялық білімді тәжірибемен ұштастырды. Студенттер сызбалармен жұмыс жасап, бұрандалы біріктіру элементтерін дұрыс бейнелеу, оларды ажырату және қолдану жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерді. Ашық сабақ мазмұнды, жүйелі және әдістемелік тұрғыдан жақсы деңгейде өтті. Қатысушылар тарапынан оң бағаланып, оқытушының кәсіби шеберлігі мен тәжірибесі ерекше атап өтілді.
Бұл іс-шара студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, техникалық пәндерге деген қызығушылығын арттыруға және сапалы білім алуына оң ықпалын тигізді.
Колледж әдіскері: Хали А.К




Комментарии