Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ-нің 2025–2026 оқу жылдарына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары негізінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмыстары оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына бағытталып, жылдық жоспар-кестеге сәйкес ай сайын ұйымдастырылып келеді. Белгіленген мерзімдер бойынша сынып сағаттары, кәсіби бағыттағы тренингтер, тесттер, кездесулер, экскурсиялар және бейіндік жұмыстар өткізілуде.
7–8–9 сынып оқушыларына педагогикалық бағыттағы кәсіби бағдар беру мақсатында педагогикалық сынып жұмысы ұйымдастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстарға Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі тарапынан қолдау көрсетілуде. Колледж оқытушылары Лекерова Ж.Ж. және Хали А.К. бекітілген кесте бойынша ай сайын мектепке келіп, жоспарланған сағат негізінде педагогикалық сынып сағаттарын, тәрбие сағаттарын және кәсіби бағдар беру бағытындағы кездесулер өткізеді.
Оқушылармен педагог мамандығының ерекшеліктері, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі, коммуникативтік қабілеттері, көшбасшылық дағдылары туралы жұмыстар жүргізілуде. Болашақ педагог болуға қызығушылық танытқан оқушылармен жеке және топтық жұмыстар ұйымдастырылып, олардың кәсіби бейімділіктері анықталуда.
Жылдық жоспарға сәйкес:
– бастауыш сыныптарда мамандықтар әлемімен таныстыру, еңбек тақырыбындағы сынып сағаттары, рөлдік ойындар өткізілуде;
– 5–8 сыныптар арасында мамандықтар квесті, сауалнамалар, STEM бағытындағы сынақ күндері және танымдық экскурсиялар ұйымдастырылуда;
– 9–11 сынып оқушыларына кәсіби диагностикалар, психологиялық тесттер, колледждер мен жоғары оқу орындары өкілдерімен кездесулер, ашық есік күндеріне қатысу, «ЖасSkills» жарыстарына дайындық жұмыстары жүргізілуде;
– бейіндік сыныптар бойынша «Металлургия» және медициналық бағыттағы кәсіби жұмыстар жалғасуда.
Сонымен қатар ата-аналармен тұрақты түрде жиналыстар, кеңестер, сауалнамалар өткізіліп, мамандық таңдау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Барлық іс-шаралар жоспар-кестеге сәйкес уақытылы өткізіліп, фотоесептер мен ақпараттық анықтамалар арқылы рәсімделіп отыр. Кәсіптік бағдар беру жұмыстары оқу жылы бойы жүйелі түрде жалғасуда.
Колледж әдіскері: Хали А.К






Комментарии