«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы дөңгелек үстел

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің  1 курс студенттері Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романын оқып, нәтижесінде дөңгелек үстел  өткізді. Студенттер романды оқығанда алған сезімдерін , кейіпкерлерге көзқарасын, автордың идеясын және оның қазіргі өмірмен байланысын жан-жақты талдай  отырып, шынайы сүйіспеншілік пен  адал махаббаттың қандай болу керектігін айтты. Бұл шығарма – әрбір жасқа үлгі болатын махаббат пен ар-ождан туралы шығарма. Қазіргі жастар үшін де романның мәні жоғары, өйткені онда адал сезім мен рухани тазалық, адамгершілік қасиеттер дәріптеледі дей келе барлық студенттерге оқуға ақыл-кеңес берді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы: С.Ж.Омарова

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *