«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында өткізілген байқау

Қарағанды облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында өткізілген байқау өз мәресіне жетті. Аталған бастама кітап оқуды насихаттауға, білім алушылардың рухани дамуын арттыруға және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Осы жоба шеңберінде ұйымдастырылған «Кітап оқитын колледж» атты облыстық байқаудың қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Байқау барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, кітапқа деген қызығушылығын және оқу белсенділігін жоғары деңгейде көрсетті.
Қорытынды нәтижелерге сәйкес, біздің колледж үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп, арнайы дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Бұл жетістік – білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесі және кітап оқуға деген ерекше ынтаның айқын дәлелі.
Аталған жеңіс колледж ұжымын жаңа белестерге жетелеп, алдағы уақытта да білім мен руханиятты дамыту жолындағы жұмыстарды жалғастыруға үлкен серпін береді.
Колледж әдіскері: Хали. А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *