Курстық жұмыстарды қорғау

22 сәуір күні ДВ-22-9 тобының студенттері курстық жұмыстарын сәтті қорғап шықты.
Курстық жұмыстарды қорғау барысында білім алушылар өздерінің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, кәсіби дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көрсете білді. Әрбір студент тақырыптарын жан-жақты ашып, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, өз жобаларын сенімді түрде қорғады. Қорғау кезінде қойылған сұрақтарға нақты әрі дәлелді жауап беріп, шығармашылық қабілеттері мен педагогикалық ойлау деңгейлерін айқын танытты.
Комиссия мүшелері тарапынан студенттердің жұмыстары жоғары бағаланып, олардың мектепке дейінгі білім беру саласында білікті маман болуға толық дайын екендігі атап өтілді.
Әдіскер ретінде ДВ-22-9 тобының білім алушыларына алдағы қорытынды аттестациядан сәтті өтіп, кәсіби жетістіктерге жете беруіне тілектестігімді білдіремін.


Колледж әдіскері: Хали. А.К

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *