12.02.2026 жылы Тілдік пәндер бірлестігі аясында «Лексико-грамматический практикум» пәні бойынша Ким О.В. «Learning foreign languages. Present Tenses» тақырыбында ИЯ-24-9 тобымен ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – білім алушылардың шет тілін меңгеру үдерісіне деген қызығушылығын арттыру, Present Tenses (осы шақ формалары) тақырыбы бойынша грамматикалық білімдерін жүйелеу және сөйлеу дағдыларын дамыту болды.
Оқытушы сабақ барысында коммуникативтік бағыттағы әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып, теория мен практиканы ұштастырды. Студенттер шет тілдерін үйренудің маңыздылығы туралы пікір алмасып, түрлі жаттығулар арқылы осы шақ формаларын қолданып сөйлемдер құрастырды, диалогтар құрды және мәтіндермен жұмыс жасады.
Топтық және жұптық жұмыстар білім алушылардың белсенділігін арттырып, тілдік орта қалыптастыруға мүмкіндік берді. Сабақ барысында интерактивті тапсырмалар мен деңгейлік жаттығулар қолданылып, студенттердің грамматикалық сауаттылығы мен ауызша сөйлеу қабілеті жетілдірілді.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Іс-шара студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырды!
Колледж әдіскері: Хали А.К



Комментарии