«Математика – физика Абай әлемінде» атты дөңгелек үстел

12 желтоқсан 2025 жылы «Жалпы білім беретін пәндер» пәндік-әдістемелік бірлестігінің әдістемелік үшкүндігі аясында «Математика – физика Абай әлемінде» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны математика және физика пәнінің оқытушылары Калиева С.М. және Сламбекова М.Ш. ұйымдастырып, жүргізді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы ғылыми таным, логикалық ойлау және өмірлік философияны математика мен физика пәндерімен байланыстыра отырып талдау. Іс-шара барысында Абай мұрасының білім мен ғылымдағы орны, оның еңбектеріндегі сан, өлшем, табиғат заңдылықтарына қатысты ойлары жан-жақты қарастырылды.
Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, пәндер арасындағы пәнаралық байланыстың маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстел студенттердің ғылыми көзқарасын кеңейтіп, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
Аталған іс-шарамен қатар әдістемелік үшкүндік қорытындыланып, «Білім – бақытқа бастар жол» тақырыбымен ПӘБ үшкүндігінің жабылу салтанаты өткізілді. Жабылу рәсімінде үш күн бойы өткізілген ашық сабақтар мен тәрбиелік, танымдық іс-шаралардың нәтижелері сараланып, атқарылған жұмыстарға жоғары баға берілді.
Әдістемелік үшкүндікті қорытындылап, жабылу салтанатын ПЦК төрағасы Жансерикова К.А. қорытынды сөзбен аяқтады. Ол пән оқытушыларының белсенділігі мен кәсіби шеберлігін атап өтіп, алдағы уақытта да білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын табатынын айтты.
Әдістемелік үшкүндік мазмұнды, нәтижелі және жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосты.

Колледж әдіскері : Хали А.К.

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *