Математика және дүниетану пәндері бойынша оқу практикасы

12.01–22.01 аралығында ШК-23-9 тобында математика және дүниетану пәндері бойынша оқу практикасы өтті. Практика барысында білім алушылар бастауыш сыныптарға арналған оқу үдерісін бақылау және талдау жұмыстарын жүргізді.
Практика кезінде пәндер бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарлары құрастырылып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту әдіс-тәсілдері қолданылды. Сонымен қатар көрнекі құралдар мен заманауи педагогикалық технологиялардың тиімділігі зерделенді.
Оқу практикасы студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітуге және болашақ маман ретінде тәжірибе жинақтауына мүмкіндік берді.


Оқу практика жетекшісі: Дукенбаева Гулназ Ернатбековна

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *