2026 жылғы 27 наурыз күні колледжімізде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» пәні әдістемелік бірлестігінің үшкүндігі аясында маңызды әрі мазмұнды іс-шара өтті. Атап айтқанда, «Музыка сабағын жоспарлау арқылы студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамыту» тақырыбында ШК-23-9 тобымен арнайы практикалық ашық сабақ ұйымдастырылды. Сабақты пән оқытушысы Аралбаева Б.Т. жоғары деңгейде өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – студенттердің болашақ кәсіби қызметіне қажетті практикалық дағдыларын қалыптастыру, музыка сабағын тиімді жоспарлау әдістерін меңгерту, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Сабақ барысында студенттер түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды.
Оқытушы сабақ құрылымын заманауи талаптарға сай құрып, белсенді оқыту технологияларын тиімді пайдаланды. Студенттер топтық және жеке жұмыстар орындап, музыкалық іс-әрекеттерді жоспарлау, сабақ кезеңдерін жүйелеу, балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде көрсете білді.
Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Іс-шара барысында оқытушының кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісі айқын көрініс тапты.
Аталған ашық сабақ студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, педагогикалық тәжірибесін жетілдіруге үлкен ықпал етті.
Колледж әдіскер: Хали А.К



Комментарии